Саясат

Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарының дайындығы қалай – Елшілер жауап берді

Екі ел арасындағы саяси мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдағы Қазақстан Республикасының елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектерін, сондай-ақ жоғары және биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бағыттарын талқылады.

Одан бөлек биылғы қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өз кезегінде, қытайлық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстан – Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ осы жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланған көпжақты халықаралық іс-шаралар күнтізбесі мен өзара сапарлар кестесі талқыланды. Қазақстан – Қытай қарым-қатынастарының жан-жақты стратегиялық әріптестігінің оң серпінін сақтау мақсатында саяси, парламентаралық, партияаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық тұрақты байланыстарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.