Weekend
Солтүстікте қар жауып, жел соқса, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады
Атмосфералық ауа ағындарынан кейін суық антициклон ауысып, соған байланысты ауа температурасы төмендейді: 1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында батыста, солтүстік-батыста түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус аяз болады;
1-2 және 4-7 желтоқсанда солтүстікте, орталықта және айдың басында елдің шығысында түнде 15-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 10-18 градус аяз болуы ықтимал;
1-3 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 8-18 градус, күндіз 2-10 градус аяз; 1-2 желтоқсанда оңтүстік-батыста түнде 2-10 градус аяз болса, күндіз 2-5 градус жылы болуы мүмкін.
Кейін ендік ағындардың басымдығына байланысты ауа температурасы көтеріледі: Солтүстік өңірде түнде 5-15 градус, күндіз 0-5 градус аяз болады.
Оңтүстікте түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-3 градус жылы болуы ықтимал. Республика тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесінде және айдың аяғында суық ауа райы күтіп тұр.
Термометр бағаны солтүстікте 25-35 градус аязды, оңтүстікте 15-25 градус аязды көрсетеді.