Weekend
#Birge #TazaQazaqstan
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты.
Шығыс Қазақстанда екінші демалыс күндері #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтуде. Осы уақыт ішінде өңірдің су қоймалары мен жақын маңдағы демалыс орындары жүздеген тонна қоқыстардан тазартылды.
Оған 7350 қала тұрғыны қатысты. Шығысқазақстандықтар 740 тонна немесе 2960 текше метр қоқыс жинады.
Акция апта сайын ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, бұл тек Қазақстанды таза етуге ғана емес, сонымен қатар адамдардың мәдениетін арттыруға көмектеседі және әркім туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасай бастайды.