Bugin
Жаңа әліппе Ахмет Байтұрсыновтың әліппесіне ұқсас болмақ
Қазақстан мектептеріне әліппе қайтарылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
- Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын, көптен бері әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады, - деді министр тамыз конференциясында.
Министр қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Әліппе сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз, - деді ведомство басшысы.
Sputnik Қазақстан