Саясат
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСемейде пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және алиментшілерге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
- Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – аталған азаматтарды әлеуметтендіруге көмектесу. Ауыр өмірлік жағдайға қасақана немесе абайсызда түскен адамдар санаты бар. Сондықтан бұл адамдардың жұмысқа орналасулары және толыққанды азамат болуы қажет. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізілуде, - деді ШҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тимур Жигитаев.
![]()
Жәрмеңке жұмысына Семей қаласының 30-астам кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері және 150 бос жұмыс орнын іздеушілер қатысты. Жұмыс берушілер 500-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде 200-жуық қызметкерлерге арналған бос жұмыс орны және 300 жұмыс мамандығына арналған орын бар. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар және жастар тәжірибесі, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстары әрі қарай «Еңбек» 2017-2021 жж. жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту қызметінің мамандары, мемлекеттік кірістер басқармасы Бірыңғай жиынтық төлем бойынша, денсаулық сақтау басқармасының өкілі МӘМС бойынша, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының филиалы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлер бөлімінің өкілдері кеңестер берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61