Саясат
Невада-Семейге 30 жыл
- Бүгінгі дөңгелек үстел осындай зұлматты болдырмауға арналып отыр. Семей халқы қарусыз әлемді бір адамдай қолдайды. Оның зардабы әлі күнге дейін білінеді. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызға жұмыс сапарымен келгенде, Семей қаласының дамуы үшін арнайы бағдарлама қажет екендігін айтқан еді. Осы орайда, біз осы шараға қатысушылармен бірігіп, ортақ бірнеше мәселені қарастырдық. Ол полигон зардабын тартқан жандарға медициналық арнайы көмек көрсету, шипажайлар мен демалыс орындарын қарастыру, толық жағдай жасау. Міне, осы сынды мәселелер қатары қолға алынатын болады, - деді «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Жанна Жибраева.