Саясат

Атамбаевта қандай байлық бар?

Қырғызстанның Бас прокуроры Атамбаевтың қай мал-мүлкіне арест салынғанын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қылмыстық істі тергеу барысында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың банктегі акциялары мен құнды қағаздары, есепшоттарының барлығына арест қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Knews.kg сайтына сілтеме жасап.

Олар келесідей банктер:

«Кырғызкоммерцбанк» ААҚ;

«Қырғызстанның коммерциялық банкі» ААҚ;

«Оптима банк» ААҚ;

«Қырғыз-Швейцарс банкі» ЖШС;

«Капитал банк» ААҚ;

«Аманбанк» ҚР ААҚ;

АКБ «Толубай» ЖШС;

«РСК Банк» АҚ;

«Демир кыргыз интернэшнл банк» ЖШС;

«БТА Банк» ЖШС;

«Дос-Кредобанк» ААҚ;

«ЭкоИсламикБанк» ЖШС;

«Еуразиялық жинақтау банк» ААҚ;

«Банк Азии» ЖШС;

«Бақай банк» ААҚ;

«Халык банк Кыргызстан» ААҚ;

Пәкістан Ұлттық банкінің Бішкек филиалы;

«Қырғыз инвестициялық несие банкі» ЖШС;

«ФинансКредитБанк» ААҚ;

«Айыл банк» ААҚ;

«Росинбанк» ААҚ;

Банк «Бай-Тушум» ААҚ;

«ФИНКА Банк» ЖШС;

«Чанг Ан Банк» ААҚ;

«Банк Компаньон» ЖШС.

Атамбаевтың иелігіндегі компаниялар ұйымдардың да банктегі ұяшықтарына арест қойылды. Ал Атамбаевтың иелігінде «Қырғызавтомаш» ААҚ, «Апрель» мен «Канал D» телеарналары, «Апрель» қоғамдық қоры, «Ассоциация Телерадиоорганизаций» заңды тұлғалар бірлестігі, «Денсаулық пен ұзақ өмір» атты медициналық орталығы бар.

Одан бөлек, Атамбаевтың қолында бес көлік (1993-2001 жылы шығарылған) пен 9 жер телімі, Арашан жайлауы, Қой-Тас ауылында сауықтыру орталығы мен екі үйі және Арашан ауылында үш бау-бақшасы бар.

Ал Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаеваның иелігінде үш көлік, 15-тен астам пәтер, оннан астам жер телімі мен бірнеше цех, қойма мен кеңселері бар, сауда үйлері бар.