Саясат
ШҚО
Қала мектептерінде жаңа оқу жылына қабылау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына білім бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері және ата-аналар кіреді. Комиссия жаңа оқу маусымына дайындығын тексеру үшін мектептер мен балабақшаларды аралайды. Бүгінгі күні комиссия мүшелері білім беру мекемелерінің 70% – тексеріп, оның 50% - қабылдады.
- Облыстық бюджеттен он мектепті әлеуметтік бейімдеуге және IT-сыныптармен жабдықтауға қаражат бөлінді. Егер өткен жылы заманауи ІТ-сыныптар тек толық жиынтықты мектептерде пайда болса, жаңа оқу жылынан бастап осындай кабинеттер 14 шағын топтарда да пайда болады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды сатып алу жұмысы аяқталуда, - деді Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.
Әлеуметтік бейімдеу нысандарына келер болсақ, жыл басында облыстық бюджеттен 10 білім беру мекемесіне 79 миллион теңге бөлінген. Олар №4, 11, 49, 38, 23, Экономикалық лицей және өзге де мектептер. Бөлінген қаражатқа стационарлық пандустар, арнайы тұтқалар және өзге де белгілер орнатылатын болады.
Өткен жылдың желтоқсан айында оқу орындарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл күрделі жөндеу № 42 мектепте аяқталды. Мұнда спорт және акт залдары жөнделді. Қазіргі уақытта оларды жабдықтау жүріп жатыр. №38 мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Өткен жылы № 34 мектептің жөндеу жұмыстарына да көп қаражат жұмсалды. №32 және 43 мектептерде кәріз жүйесі мен сантехника жөнделсе, ал № 28 мектеп ғимаратының сыртқы қалпы қайта қалыпқа келтірілді.
Наталия Фесенко барлық мектептердің жүз пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілгендігін де сөзге тиек етті.
- Өздеріңіз білетіндей, соңғы үш жылда білім беру жүйесі жаңартылуда. Жаңартылған сыныптар үшін жаңа оқулықтар сатып алынады. Биыл 4,9,10 сыныптар осы жаңа бағдарламамен оқиды, - дейді Наталия Фесенко. - Осы жылы 7-11 сынып оқушылары «Өлкетану» пәнін оқи бастайды. Жаңа пән үшін жаңа оқулықтар да сатып алынады.
Сөз соңында Наталия Фесенко бірінші қоңырау барлық мектептерде 1 қыркүйек күні соғылатынын атап өтті.