Саясат

Жээнбеков неге Атамбаевты ұстады: Жүзге бөлінген қазақ қырғызға үлгі бола ала ма?

Неге Жээнбеков өзін таққа отырғызған Атамбаевқа қарсы шықты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осындай сұрақ қойған «Аргументы и факты» басылымына орыстың саяси кеңесшісі Анатолий Вассерман бұған қырғыздардың өзара кланаралық қақтығысы себеп болуы мүмкін деген тұжырым айтады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

- Бұл жерде қазақ пен қырғызды қатар алып қараған жөн. Мәселен, қазақтарда «жүзге бөліну» деген түсінік бар, яғни, қазақ руларының үш топқа жіктелуін үш жүз деп атаған. Бұл жүйе елдің тепе-теңдігін ұстап тұру үшін құрылған. Әр жүздің өз орны бар. Ешкім шектен шықпайды. Шыққан күннің өзінде де оған тоқтау бар. Қырғыздарда да сол сияқты екі топқа – сол жақ және оң жақ қырғыздарға бөлінеді. Иә, бұл құрылым да теңдікке әкеледі, алайда саясатта оның жөні бір бөлек. Екі кланның арасында дау-дамай туып, арты қақтығысқа ұласып кетуі әбден мүмкін. Былайша айтқанда, саясатта үш топ болса, біреуі «бассыздыққа» барған кезде, қалған екеуі бірігіп, тойтарыс беруге әзір тұрады. Сондықтан Қазақстандағы саяси өмір тұрақты, ал Қырғызстанда – тұрақсыз, - дейді Вассерман.

Саясаткер Атамбаевтың Қырғызстанның тарихында алғаш болып билікті бейбіт түрде берген жалғыз басшы екендігін еске сала отырып, мұның да экс-президент үшін пайдасыз болғандығын алға тартады. Атамбаев та алдыңғы басшылардың кебін киюі мүмкін. Өйткені бұл – кланаралық қақтығыс.

- Атамбаевтың ізбасары өзінің кланын күшейтіп, экс-басшының кланын әлсірету үшін осындай қадамға барды. Бұл – қалыпты құбылыс. Алайда меніңше, мұның соңы ешкімге де жақсылық әкелмейді. Жээнбеков Атамбаевқа қысым жасаймын деп елдің ішін дүрліктіріп алды. Оны халық президенттік мерзімі бітпей жатып, тақтан құлатуы мүмкін. Сондықтан қазіргі президент үлкен соғысқа бармай, белгілі бір жерден істі тоқтатуы мүмкін, - деп қорытты ойын Вассерман.