Саясат

II дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомба табылды

Мәскеудегі Кремль территориясынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған авиабомба табылып, залалсыздандырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путиннің баспасөз хатшысының хабарлауынша, бұл жағдай президенттің жұмысына ешқандай зиян келтірмеген. Бұл туралы euronews хабарлады.

Оқ-дәрі Тайницкий бақшасында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде табылды.

- Кремль территориясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық шаралар жасалды. Мұнда бәрі жақсы. Табылған құрылғы Кремль территориясынан шығарылды, - дейді Кремль коменданты Сергей Хлебников.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс бомбардирлері Кремльді сегіз рет нысанаға алған. Алғашқы бомбалау 1941 жылы шілденің 22-сі болды. Ол кезде 250 келілік фугас бомбасы Үлкен Кремль сарайының шатыры мен Георгиевский залының төбесін тесіп өтіп, бірақ жарылмай қалған.