Саясат

Гитлердің атасы еврей болған

Тарихи хат табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гитлердің сенімді адамы болған Ганс Франк 1946 жылы фюрердің атасы еврей болды деген мәлімдемеден кейін тарихшылар тыным тапқан емес. Олар бұл ақпаратқа үлкен күмәнмен қараған болатын. Алайда жақында американдық журналист бұл мәлімдемеге тарихи факті тапқанын жария етті. 

Журналист Армин Фурердің айтуынша, Ганс Франктың мемуары кезінде үлкен талас тудырған. 

- Франктың мәліметінше, Гитлердің атасы Австриядағы Грац қаласында өмір сүрген еврей болатын. Гитлердің жиені бұл мәліметті біліп, Гитлерге хат жазған. Ол хатында Гитлердің атасы жайлы қоғамға жайып салатынын айтып, бопсалаған. Сол сәтте Гитлер Франкті өзінің адвокаты ретінде жалдаған - дейді журналист мақаласында.  

Өзінің зерттеуінде журналист мынандай қызық фактіге тап болған. Франктың мәліметінде Гитлердің атасы жайлы айтылады. Гитлердің әжесі Мария Анна Шикльгрубер 1836 жылы Франкенбергер есімді азаматпен хат алмасқан. Бұл азаматтың 19 жастағы ұлы болған. Сол ұлынан Гитлердің әжесі жүкті болып қалған. Бұл оқиға әжесінің Франкенбергердің  үйінде үй күтушісі болып жүргенде орын алған. Ал тарихи мәліметтерге қарайтын болсақ, Франкенбергер және оның ұлы еврей болатын. Осылайша журналист «Гитлердің атасы еврей» деген тұжырымға келді. 

Атақты британ зерттеушісі Ричард Эванс бұл мәліметке сенбейтінін айтып отыр. Оның ойынша, Гитлердің бойында еврей қаны болды деу оның еврейлерді неге қатты жек көргенін түсіндіре алмағандықтан туындаған болжам ғана.