Саясат
Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов та депутат болды
Nur Otan партиясы Мәжіліске депутат боп сайланғандардың есімін атады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясының Саяси бюро отырысында депутаттық мандатты премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваға, әнші әрі әртіс Нұрлан Әлімжановқа, Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовқа және ақпарат вице-министрі Жұлдыз Омарбековаға беру туралы шешім қабылдаған.
Бұлардың арасында Нұрлан Әлімжанова «Елбасы жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап, танымалдылыққа ие болған еді.
Ал Гүлшара Әбдіхалықова 2019 жылдың ақпан айынан бері вице-премьердің орынбасары, Жұлдыз Омарова 2019 жылдың сәуір айынан бері ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінде.