Bugin
Үйі жөнделмеген арыстық әйел өзіне қол салмақ болды
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек өзінің инстаграм парақшасына қолына пышақ алып күре тамырын кесуге оқталған әйелдің видеосын жариялады.
- Халық қандай жағдайда осындай жолға барады? Жергілікті атқарушы билік өз пайдасын ойлап, әділетсіз шешім шығарған кезде ғана осындай шараға барады. Бұл – Түркістан қаласында болып жатқан оқиға. Ертең Арыс халқы да, осындай жолға баруы әбден мүмкін. Себебі күз келді бәрі ашу үстінде отыр... Ал облыс әкімі Шөкеев ешқандай мәселені тиянақты шеше алмай отыр, – деп жазады Айгүл Орынбек.
Бұған дейін қоғам белсендісі, өзінің «инстаграм» парақшасына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ұйымдастырушылық жағынан облысты басқара алмай отырғанын жазған. Өйткені Айгүлге Түркістан мен Арыс халқынан келіп түсіп жатқан арыз-шағым көп екен. Оның айтуынша, Шөкеев ел алдында берген уәдесінде тұрмайтын көрінеді.