Саясат

Қырғыз саясаткері: Билік елдің алдында Атамбаевтың «бет-бейнесін» шешуге тырысуда

Атамбаевтың жақтастарына психологиялық қысым жасалуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғыз билігі Алмазбек Атамбаевқа ашылған қылмыстық істі тергеу үшін оның меншігіндегі мүліктің барлығына арест қойып, оның тізімін де жария еткен болатын.

Атамбаев біршама дәулетті адам болып шықты. Оған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені билікке келмей тұрып Атамбаевтың өзі бизнеспен айналысып, мультимиллионер атанған болатын. Қазіргі таңда оның иелігінде 120 нысан бар: пәтер, жер үй, жайлау, жер телімдері, қойма, үй-жай, екі телеарна, сауықтыру орталығы, бірнеше көлік. Одан бөлек, 25 банкте активтер мен құнды қағаздары бар.

Қазір мұның барлығына арест қойылды. Одан бөлек, билік Атамбаевтың екі жиені мен әйеліне де қылмыстық іс ашып, қудалауға көшті.

Ал саясаткерлердің айтуынша, биліктегілер Атамбаевтар әулетін қудалау арқылы олардың да жемқорлыққа қатысы бар екендігін дәлелдеуге тырысуда. Өйткені кезінде Атамбаевтың өзі билікке келген кезде бұрынғы шенеуніктердің біразына жемқорлыққа қатысы бар деп айып тағып, қудалаған болатын. Ал бұрынғы Бакиевтің байлығын елге қайтарған еді. Сол арқылы елдің де алдында біршама имидж жинаған-тұғын.

- Атамбаевтың әулетіне қарсы психологиялық қысым жасалуда. Қазіргі билік Атамбаевтардың ел үмітін ақтай алмағандығын дәледеуге тырысуда, - дейді Қырғызстандағы тәуелсіз саясаткер Марс Сариев.

Құқық қорғау органдары мен прокуратура Атамбаев әулетіне ашқан қылмыстық істерін барынша ашық жүргізуі тиіс деген пікірде кейбір саясаткерлер.

- Өйткені қоғам мүшелері тағылған айыптың заңдық күші бар екендігін түсінуі тиіс. Әйтпесе, халық Атамбаевтар ашылған істі «қудалау», «қысым жасау» деп қабылдауы мүмкін, - дейді «Пікір» аймақтық сарапшылар клубының төрағасы Игорь Шестаков.

Московский комсомолец