Weekend

Балмұздақ жеудің сіз білмейтін пайдалары қандай?

Бәріміз жақсы көретін балмұздықтың қандай пайдалары бар, ойланып көрдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балмұздақ - балалар ғана емес, үлкендер де сүйіп жейтін тәттінің түрі. Жаздың аптап ыстығында шөліңізді басатын балмұздақтың ағзаңызға да пайдасы  бар екенін естіп пе едіңіз?

Дәмі бал татитын балмұздақтың шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл бұрын Қытайда басталған екен. Ертеде бай қытайлықтар тамақтан соң, міндетті түрде мұздатылған жеміс шырындарын жейтін болған.

Балмұздақ қытайлықтардың мерекелік дастарханында қонаққа ұсынылатын ас ретінде де танылған. Нью-Йоркта балмұздақ 1976 жылы 10 маусым күні тұңғыш рет сатылымға шыққан. Осыған байланысты 10 маусым балмұздақ күні ретінде белгіленген.

Сүт балмұздақтарында майлар мен көмірсулар көп кездескенімен кальцийге бай. Өз кезегінде кальций шаш пен тырнақ өсіміне, сүйектердің мықты болуына ықпал етеді.

Егерде калориясы аз балмұздақты іздесеңіз - өсімдік майлары қосылған балмұздақты таңдаңыз. Сонымен қатар, құрамы лактоза, кальций, магний секілді түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Зерттеушілер балмұздақтың жүрек-қан тамырлары жұмысына және көз-тері қабілеттеріне де пайдасы бар екенін алға тартады.

Балмұздақтар депрессиядан шығудың бірден-бір жолы ретінде де ұсынылады.

Сондай-ақ, балмұздақтың арқасында адам ағзасында серотонин деп аталатын көңіл-күй гормоны пайда болады. Ал балмұздақтан дәм татпас бұрын, артық салмақ қосып алуым мүмкін деп ойлайтын қыз-келіншектерге диетолог мамандар балмұздақтың пайдасы барын өз зерттеулерінде дәлелдеуде.