Weekend

Абай эстафетасы Өзбекстанда

Ұлы ақынның 175 жылдығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай поэзиялық эстафетаны Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды қабылдап алды. Бұл туралы елшіліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары хабарлады. 

Д.Сатыбалды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловтан аталмыш эстафетаны қабыл алып, оны жалғастыру мақсатында Абай Құнанбайұлының «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлең шумақтарын оқыды.

Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Минхожиддин Ходжиматовқа және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына жолданған эстафета биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен Ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылып отыр. Айта кететін жайт, Қасым-Жомарт Кемелұлына бұл эстафетаны 9 жасар мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы жолдаған болатын.

Бауырлас елдегі елшілігіміздің жаңа ғимаратының алдына Ұлы ойшыл ескерткіші қойылғандығын да қоса кеткен жөн. Ресми Ташкент 2019 жылы Қазақстан жылын тойлап жатқан тұста осындай эстфеталардың жолдануы нұр үстіне нұр болары анық.