Саясат

Польша Ресейді қорқытудың жолын ұсынды

АҚШ көмегіне жүгінбек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшаның сыртқы істер министрі Яцек Чапутович Ресейді қорқыту тәсілін атады. Бұл туралы Polsat телекомпаниясы хабарлайды.

Оның айтуынша, америка әскерін Батыс Еуропаға емес, Польшаға әкеп орналастыру арқылы Ресейді қорқытуға, үрейлендіруге болады. Министр НАТО-ның шығыс шекарасында АҚШ-тың әскери құрамының болу факторы "өте маңызды, қорқынышты рөл атқаратынын" атап өтті.

- Ресей Польшадағы халықаралық әскерлерді, әсіресе американдық әскерлердің бар екенін көрсе, әскери қимылдарға жүгінбес бұрын, екі рет ойланады, — деп мәлімдеді Чапутович.