Саясат

Ресей мен АҚШ ядролық соғысының салдары қандай болмақ?

Ғалымдар пікірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен АҚШ арасындағы толық ауқымды ядролық соғыстың нәтижесінде, жер бетінде онжылдық ядролық қыс орнауы мүмкін. Мұндай қорытындыға Ратгер университетінің, АҚШ атмосфералық зерттеулер Ұлттық орталығының және Колорадо университетінің ғалымдары келді. Бұл жөнінде Journal of Geophysical Research ғылыми басылымына сілтеме жасап Daily Mail хабарлайды.

Атап айтқанда, мамандар ядролық жарылыстардың кесірінен жер бетін өрт жайлап, ауаға, шамамен, 147 млн тонна күйе мен түтін таралатынын айтады. Ал өрттен шыққан күйе бұлтқа жиналып, жерге түсетін күннің сәулесетін шектейді. Содан температура төмендейді. Шамамен, 9 градусқа дейін суытуы мүмкін. 

- Стратосферадағы жел осы күйе аэрозольдерін бірнеше аптада жер шарын қоршап алады, соның себебінен жерде ұзақ мерзімге ядролық қыс орнайды, — делінген материалда. 

Болжамдарға сәйкес, күйенің басылуы үшін жеті жыл, тағы үш жыл — қалыпты жарық деңгейін қалпына келтіру үшін қажет.

Сонымен қатар, ядролық соғыс муссондарға және Тынық мұхиттың экваторлық бөлігіндегі судың үстіңгі қабаты температурасының қатты ауытқуына әкеп соқтыруы мүмкін деп болжануда, бұл климатқа елеулі әсер етеді.

- Толық ауқымды ядролық шабуыл оны өткізуге бел байлаған ел үшін, өзіне — өзі қол жұмсауға айналады, - делінген мақалада. 

Ресей мен АҚШ-тың ядролық қаруды қолдану бүкіл әлем үшін апатты салдарларға ие болады деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша, саясаткерлер оқиғалардың ықтимал даму нұсқасынан хабардар болуы және шешім қабылдау кезінде осы ақпаратты ескеру керек. 

- Ақыр соңында ядролық арсеналдарды қысқарту және барлық ядролық тараптарды қарусыздандыру қажет, — деп айтылған мәтінде.