Weekend
Жаға ұстатар жайт АҚШ-та болған
Калифорния университетінің ғалымдары алғаш рет адам клеткалары бар қозы эмбрионын өсірді.
Бұл эксперименттің қорытындысы өткен жылы Остиндегі Америкалық ғылыми қоғамның конференциясында хабарланған. Тәжірибе барысында мамандар қозы эмбрионына бағаналы жасушалар енгізген. Аталмыш тәжірибе 28 күн жалғасын тапқан, бірақ елдегі тыйымға байланысты тоқтатылған.
Сондай-ақ, эмбриондағы адам клеткаларының құрамы төмен екендігі белгілі — он мыңға бір клетка. Бұл тәжірибенің басты мақсаты болашақта жануарлардың денесінде адам ағзаларын өсіруге мүмкіндік алу болып табылады. Бірақ бұл нәтижеге жету үшін жануар ағзасындағы адамның клеткасының мөлшері кемінде бір пайызды құрауы керек екен.- Алайда осы уақыттың ішінде эмбрионның өмір сүруге қабілетті екендігі анықталып, ол толыққанды тірі жаратылыс болар еді, — дейді тәжірибе ғалымдары.