Weekend
Бізге ауадай қажет мейірімділік
Әрдайым даму үстінде келе жатқан осынау ғажап әлемде, дамумен қатар құлдыраудың да қатар жүрері анық. Құлдырау - деп адам бойына берілген кейбір қасиеттерді айтамыз. Өкінішке орай сол қасиеттерден күннен күнге айырылып жатқанымыз жан қынжылтады. Адамға керек, ең маңызды қасиет ол әрине мейірімділік.
Байқап қарайтын болсақ мейірімділік бізден жоғалып бара жатыр. Жаны қысылған адамға көмек қолын созбастан бұрын, бұрылыпта қарамайтын дәрежеге жеттік. Бұл біздің даму сатымызға өте үлкен сын болмақ.
Осы сәтте көкейлеріңізге "сын болдырмау үшін не істеу керек? Немесе не істеуміз қажет?" деген ой сап ете қалғаны сөзсіз. Ол үшін алдымен өзімізден бастауымыз керек. Көмекке мұқтаж болған пендеге әр дайым қолыңыздан келгенше көмек көрсете жүріңіз.
Біздің ата бабамыз мейірімді болғаны соншалық байлауда тұрған жалғыз атын ойланбастан құрбан ете салған. Әрине бізге ат құрбан етіп қажеті жоқ. Жай ғана қолыңыздан келетін көмекті аямаңыз. Түптеп келгенде, қалтаға салып алып кете алмаймыз, артымызда қалатын дүние.
Шамамыз келгенше көмек көрсете білсек болғаны. Мейірімділік таныту арқылы сіз Құдай алдында да, ел алдында да жақсы жағынан көрінесіз. Бірақта мейірімділікті көрсету үшін, мақтану ретінде жасамаңыз.