Экономика

Самұрық-Қазына Назарбаев Университетіне 10 млн доллар бөледі

Ақшаның көп бөлігі бизнестің жоғары мектебін дамытуға, қалғаны зерттеулерді қаржыландыруға жұмсалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2019 жылы Назарбаев Университетінің бастамаларын 10 млн долларға (шамамен 3,9 млрд теңге) қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында хабарланды.

Қаражат келесідей бөлінеді:

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін дамыту үшін 6 млн доллар;

Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті ғалымдарды тартуға бағытталған бағдарлама бойынша зерттеулерді қаржыландыруға – 4 млн доллар.

Бұл Назарбаев университетінің халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

- Жоба алдыңғы қатарлы ноу-хау мен технологияларды әзірлеуге, өзінің дамуы үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді талап ететін салаларда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, үздік зерттеушілерді қолдауға, пәнаралық ғылыми жобаларды басқару, университеттегі ғылыми ресурстарды шоғырландыру және нәтижелерді ілгерілетуге бағытталатын болады, – деп түсіндірді жоба авторлары.

Нақты мақсаттар:

  • 2020-2024 жылдарға арналған университеттің халықаралық көп салалы зерттеу бағдарламасы;
  • 2022 жылға дейін космология және астрофизика саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен элиталық ғылыми топ пен зертхана құру;
  • университеттің ғылыми зертханаларын 2021 жылға дейін материалдық-техникалық жарақтандыру;
  • Жоғары бизнес мектебін әлемдік деңгейдегі зерттеу бизнес мектебі ретінде дамыту.

Назарбаев Университетінің «Самұрық-Қазына» қорымен ғылыми зерттеулерге қаржылық қолдау көрсету туралы, сонымен қатар Жоғары бизнес мектебін қолдауға келісім жасағаны туралы университеттің 2018-2039 жылдарға арналған стратегиясында айтылды.

«Самұрық-Қазына» қоры мен Назарбаев Университеті өткен жылы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат студенттерге қор мен оның ұлттық компанияларында тағылымдамадан және тәжірибеден өтуге, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» қорының жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылады.