Bugin

Атамбаевтың құдасының үйінен митингі ұйымдастыруға қатысты деректер табылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үлкен ұлы Сейітбек Атамбаевтың қайын атасының үйінен ақша мен күдікті жазбалар табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Атамбаевтың құдасының үйінен 170 мың сом (2,5 мың доллар) және белгісіз адамдар мен оған төленетін қаржы сомасы, елдімекендердің тізімі жазылған қағаздар табылды.

Шығындардың көлемі бір парақта 2,25 млн сом (32 мың доллар) деп көрсетілсе, екінші парақта 318 мың доллар деп есептеліп көрсетілген.

Тергеу барысында бұл сөмкені қайын атасының үйіне Сейітбек Атамбаев тастап кеткен екен. Ал қағазда көрсетілген шығындар митинг пен жаппай наразылық ұйымдастыру үшін жұмсалған көрінеді.

Қырғызстанның ІІМ тізімде есімі жазылған азаматтарды толық тексеріп барып қорытынды шығармақ.

Mk.ru