Bugin

Тоқаев Қазақстанның Қазақстан әскерін жеңісімен құттықтады

Қазақстан құрамасы халықаралық армия ойындарына қатысқан 39 команда ішінде 3-орынға ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық армия ойындарында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан Қарулы күштерінің командасын құттықтады.

- Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

АрМИ-де қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Қазақстандықтарды Мәскеу облысының "Алабино" полигонында марапаттады. "Патриот" саябағында V халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық әскерилер жеке есепте бірнеше мәрте үздік нәтиже көрсетті. Отандық Су-25 экипажы "шабуыл авиациясы" номинациясында бірінші орынды иеленді. Жеке шеберлік сынағында қазақстандық әскери медицина қызметкерлеріне тең келетіндер болмады.

Ең қызықты байқаудың бірі - "Танк биатлонында" қазақстандық команда үздік үштік қатарында болды.

Sputnik Қазақстан