Саясат

Елбасы деген президент емес, елдің басшысы – ел ғана (видео)

Қырғызстанның социал-демократиялық партияның ресми өкілі Темірлан Сұлтанбеков экс-президент Атамбаевты жақтап ел алдында сөз сөйледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сөз сөйлеу барысында жас саясаткер Қырғызстанда өзін «элбашы» деп атап жүргендерге қарсы уәж айтты.

- Президент деген елбашы емес! Президент деген өлке басшысы, мемлекет басшысы болуы мүмкін, бірақ елдің басшысы бола алмайды! Елдің басшысы тек ел ғана! – деп түсіндірді Темірлан Сұлтанбеков.

Сөз барысында социал-демократиялық партияның өкілі экс-президент Алмазбек Атамбаевтың мемлекет үшін жасаған жақсылықтары жайлы да айта отырып, Ішкі істер министрлігі құрамындағы ішкі әскерді Қорғаныс министрлігіне қосып, шекара күзетіне қойғанын, ішкі әскерді халқына қарсы қоймағанын алға тартты.

- Ал Сооранбай Жээнбеков билікке келген кезде, ішкі әскер Қорғаныс министрлігінен шығарылып, Ішкі істер министрлігіне әкеліп қайта қосылды, - деп атап өтті жас саясаткер.

 

Толық видео төменде