Woman

Саудиялық әйелдер енді рұқсат сұрамай-ақ саяхаттай алатын болады

Сауд қоғамындағы гендерлік теңдік мәселесіндегі маңызды қадам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам құқықтарын бұзғаны үшін бұрыннан сынға түскен Сауд Арабиясы әйелдерге бірқатар жеңілдіктер, атап айтқанда, жүріп-тұруына қатысты жеңілдіктер енгізді.

Енді 21 жастан асқан әйелдерге паспорттарын рәсімдеу және шетелге шығу үшін ер қамқоршыларының - күйеулерінің, әкелерінің немесе ағаларының рұқсатын алудың қажет емес.

Тарихта алғаш рет әйелдерге туу, үйлену және ажырасу туралы куәлік сияқты құжаттарды рәсімдеуге рұқсат етілді. Жаңа заңға сәйкес, елдің барлық азаматтары жынысы мен жасына, сондай-ақ денсаулығына байланысты кемсітусіз жұмыс істеуге құқылы.

Көптеген әйелдер өздерінің Twitter парақшаларында жаңа ережелерді жоғары бағалады. Муна Абу Сүлейман, танымал теле-ток-шоудың жүргізушісі:

- Бауырларымен тең құқылы, мүлдем еркін қыздардың бүкіл буыны өсіп келеді, - деп жазды.

- Жаңа ережелерді енгізу – тарихи сәт. Олар біздің қоғамда ерлер мен әйелдердің рөлін теңестіруге арналған. Бұл – Сауд әйелдерінің өмірін даусыз өзгертетін гендерлік теңдік саясатының бір бөлігі,- деп жазды «Твиттерде» Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі - нәзік жанды Рима бинт Бандар әл Сауд.

BBC.com