Bugin
Қарағандыда киік атып, онымен қоймай инспекторларды соққыға жығып, біреуін мерт қылған 7 браконьерге қатысты сот басталады
Оның үшеуі кісі өлтіргені үшін, ал 4-уі заңсыз аң аулағаны үшін айыпталып отыр.
Еске сала кетсек, қаңтардың 13-і күні браконьерлердің қолынан Ерлан Нұрғалиев мерт болған еді. Кейін қылмыскерлер ұсталып, олардың көлігінен Қызыл кітапқа енген 17 ақбөкен мен қару-жарақ табылған.
- Мамандандырылған ауданаралық сотқа браконьерлерге қатысты қылмыстық іс түсті. 40 томнан тұрады. Сот мемлекеттік тілде өтеді, жуырда күнін белгілейміз, - деді облыстық соттың бөлім басшысы Гүлбаршын Жітікова.