Weekend

Бәрін де қуанышты, жеңіл түрде жасасаңыз, еш қиындықсыз-ақ табысқа жете аласыз

Ой салу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табысты адам әрқашан өзінің рахаты үшін еңбек етеді. Тек табыс қана тауып қоймайды, ол өз жұмысынан қуанышты да сезінеді.

Іргетасын Мартин С.Фридсон қалаған «Қалай миллиардер болуға болады?» деген психологиялық зерттеуде келтірілген мына сөз кімге де болса ой салады: «Байлықты құру барысында қуану қажет». Яғни, ең басты шарт осы.

Сондықтан алға қойған мақсатқа жету жолында әрбір сәтке қуана білсеңіз, даналығыңыз арта түседі, кішкентай жеңістің өзін аттап өтсеңіз, үлкен жеңіс өзінен-өзі келеді. Ең бастысы сол, рахаттана білейік.

Өз жүрегіңіздің соғысын тыңдап, өз қалауыңыз бойынша әрекет етсеңіз, содан қуаныш тапсаңыз болғаны. Яғни, өмір ағысымен бірге жүзіңіз. Өзіңізге ұнайтын адамдармен араласыңыз, өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданыңыз, кез келген жұмысты ойынға айналдыра біліңіз. Бірақ бұл кезде енді бос уақыт деген көп болмайды, соны естен шығармау керек. Дегенмен, бар ықыласпен өз берекеңіз үшін еңбек етсеңіз, өзіңіздің дамуыңыз үшін әрекет жасасаңыз, әйтеуір күнде кем дегенде бір жаңаны үйренсеңіз, қуаныш сіздің серігіңізге айналады.

Ал ұзақ жұмыс істеуге тура келсе не істеуге болады?  Мұндайда да еңбегіңізді өзіңізге ұнайтын іске айналдырып көріңіз. Сонда көңіл күй көтеріледі, ешкімге керексіз болу сияқты сезімнен арыласыз. Сіз күш-қуаты тасыған, неге болса да қол жеткізе алатын жанға айналғаныңызды аңғарасыз.

Бәрімізде жиі кездесетін жайттың бірі, кейде күні бойы бір күрделі мәселені шеше алмай, басымыз қатады. Қаншама уақыт соны ойлаймыз, қаншама күш-қуатымызды жұмсаймыз, сосын ақыры шаршап тынамыз да , ал әлгі мәселе шешілмеген күйі қалады. Одан да бәрін ертеңге қалдыра тұрсақ қайтеді? Бізде керемет бір мақал бар: «Сабақты ине сәтімен» деген. Бәрі де өз сәтімен келетініне сенейікші. Дәл сол сұрақтың жауабын таңертең білуіміз де ғажап емес. Еш уақытта мазасыздық танытып, түні бойы ұйықтамай бір нәрсені ойлай беруге болмайды. Бәрібір ойдың шегіне ешкім де жете алмаған. Одан да ұйықтар алдында әлгі шешілмеген мәселені көктегі көмекшілерге (жаратушыға, құдіретті күшке, періштелерге) тапсырыңыз. Таңертең дайын жауаппен оянуыңыз әбден мүмкін. Өйткені «Ұшқан – жетпейді, бұйырған - кетпейді» деген, әр нәрсенің өз сәті болады, сол сәт туғанда, бәрі орнына келеді.

Әркімнің де өмірде алдына қойған мақсаты бар. Сол мақсатқа жету үшін ең алдымен өзіміз туралы ойымызды түбегейлі өзгертуіміз керек. Яғни, нақты образдар арқылы қалауыңызды жасаңыз, көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Әрі сол образ арқылы басқалармен қарым-қатынасыңыз жасалатындығын ұғыныңыз. Сіздің сырт келбетіңіз, мінез-құлқыңыз, сөйлеген сөзіңіз, бәрі де табысты болар-болмасыңызды анықтап береді. Әрине, сол образыңыз өмірлік тәжірбие арқылы жылдар бойы жасалатын болады. Бұл жерде балалық шақтағы жақын адамдарыңыздың әсері де белгілі бір үлесін қосады. Солай десек те, кез келген уақытта, кез келген жерде, ешқандай жағдайға қарамастан жаңа өмірді бастауға болады. Дайынсыз ба? Онда дәл қазір, осы жерде бастаңыз.