Bugin
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанға 300-ге жуық мұғалім жетпейді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘсіресе, аймаққа математика, физика және ағылшын тілінің мұғалімдері жетпей жатыр. Сондықтан жергілікті билік бұл мамандарды көбейту үшін арнайы білім беру гранттарын да көбейткен. Алайда оған тегін оқуға түскісі келетіндер табылмай отыр.
- Сұранысқа байланысты грант санын көбейткен болатынбыз. Бірақ мұның әсері аз болып отыр. Әсіресе, бізге қажетті математика және физика мұғалімі мамандықтарына оқуға тапсыратындар аз. Сондай-ақ, өсімдік өсіру, мал өсіру, ветеринария мен қала құрылысын жоспарлау мамандықтарына тапсырушылар да аз, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.
Сонымен бірге биология, химия, қазақ тілі мен шет тілі мұғалімдерін даярлауға сұраныс артты. Бірақ түлектердің көбі дене шынықтыру мұғаліміне оқуға түсуді «жақсы көреді».
- Біздің университеттерімізде кәсіби бағдарлау жұмыстары нашар жүргізілді деп санаймын, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Олар үміткерлер үшін күреспейді, аудандарға бармайды және түлектер туралы ақпарат бермейді.
Устинка Live
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61