Экономика

Миллионер болғысы келетіндер көп, бірақ бай адамдар өмірде неге аз?

Өміріңізді өзгертіңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамның қай заманда болмасын, бай және кедей болып бөлінгені жасырын емес. Бәріміздің де жақсы өмір сүргіміз келеді, солай емес пе? Егер байқасақ, миллионерлердің көпшілігінің тіпті орта білімдері де жоқ. Соған қарағанда, ақыл мен интеллект бай болудың басты құралы болмаса керек. 

Бірақ сол бақуатты жандар басқаша ойлайды, яғни, олардың ойлау жүйесі өзгеше. Мысалы, талай адамдар жоқшылықтан құтылу үшін арпалысып, карьера жасайды немесе өз бизнесін ашады. Тағы да қайталап айтамын, жоқшылықтан құтылу үшін. Ал миллионерлер болса, байлыққа және табысқа жету үшін ұмтылады. Айырмашылық бар ма? Әрине.

Әр адам өз өмірін жақсарту жолында тәуекел етуден қорықпауы қажет. Жалғызбасты жас ана «Гарри Поттерді» жазып, бір-ақ сәтте ағылшын королевасынан да бай болып кетті емес пе, ендеше біз неге өзгермейміз? Әрине, біреулер айтуы мүмкін, бұл жай ғана кездейсоқтық деп. Мен келіспеймін.

Мәселенің мәні, арманға келіп тіреледі. Кім қайда еңбек етсе де, әркімнің арманы болуы тиіс. Сол арманның жолында Эдисон жиырма мыңнан аса нәтижесі жоқ тәжірибе жасады. Алайда табысқа апарар жолда ол осы жолдан өтуі тиіс еді.

Күнделікті күйбең тіршілікті тамаша өмірге айырбастаудың мүмкіндіктері мол. Мұны тек байқай білу керек. Ең алдымен, кез келген мәселені шешуге болатындығын ешқашан естен шығармайық. Ал қателік жіберсек, оған бола өзімізді жазғыру дұрыс емес. Себебі біз сол сәтте қолымыздан келгенше әрекет еттік қой. Көлік жүргізуді мысалы, бір күнде үйретпейді. Алдымен ережесін жаттап, емтихан тапсырады. Бірақ кейбіреулер бірден үйреніп кеткен кезде өздерін өмірде жолы болғыштар қатарына қосып жібереді. Есесіне сол өздері үйренгендер жолда жиі жайсыздықтарға тап болады. Сондықтан достар, Ленин ата айтқандай, «оқы, оқы және оқы» дегіміз келеді.

Егер кімде-кім мен неге кедеймін деп ойласа, соған лайық іс-әрекетпен өмір сүріп жүргендігін түсінуі тиіс. Кедейліктен құтылу үшін емес, бай болу үшін ұмтылу қажет. Сондықтан шамаңыз жеткенше қиялдаңыз, шек қоймаңыз. Қиын емес қой?! Қандай өмірді қалайсыз, көз алдыңызға елестетіп, бар ықыласыңызбен бейнелеңіз. Әрине, сырттай емес, сол сәтті бастан кешіп көріңіз. Ең бастысы, дәл қазір және осы жерде бәріне қол жеткізгендей күйге еніңіз. Бірте-бірте әдетке айналады. Алғашқыда бір түрлі көрінгенімен, кейін үйреніп кетесіз. Бір сөзбен айтқанда, өзіңізді жеңіл сезініп, әзіл-қалжың аралас әрекет етсеңіз, керемет нәтижесі көп күттірмейді. Есіңізде болсын, өзіңізге ұнайтын жайды ойлаған сайын көңіл-күйіңіз көтеріледі емес пе, ендеше, неге тартынамыз? Соңында байқайсыз, алға қойған мақсатыңызға қол жеткізгеніңізді.