Саясат

Гонконгте тағы да көтеріліс болды

Бұл оқиға жексенбі күні орын алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гонконгта жексенбі күні ауқымды наразылық акциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша оған бір жарым миллионнан астам адам қатысқан. Алайда қанша адамның бұл іс-шараға қатысқаны жайлы ресми мәлімет жоқ.

Шерушілер Виктория паркінде жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де жаңбырлы ауа райына қарамастан жинала бастады.

Полиция қауіпсіздікті сақтау мақсатында, бұл іс-шараға келісімін бермеді, алайда наразылық білдірушілерге кешке дейін саябақта қалуға рұқсат берді. Алайда, акция басталғаннан соң, екі сағаттан кейін шерушілер тыйымды бұзып: қолшатыр ұстанған мыңдаған адам қала көшелерімен жүріп өтті.

Гонконг үкіметінің өкілі демонстранттар негізінен тыныш жүрсе де, олар көптеген қолайсыздықтар тудырып, автокөліктердің жүруіне кедергі келтіргенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең маңыздысы - қоғамдық тәртіпті барынша тезірек қалпына келтіру.

- Егер жағдай Гонконг үкіметінің бақылауынан шығатын болса, Қытай билігі бұл мәселеге бейберекет қарап отырмайды. Бізде кез - келген толқуларды басуға билік пен қаражат жеткілікті, - деді BBC Radio 4 эфирінде сөйлеген сөзінде Лондондағы Қытай елшілігінің дипломаты Чэнь Вэнь.

Оның айтуынша, билік неоэкстремизм мәселесіне тап болып, Қытайдың орталық үкіметі Гонконг әкімшілігінің басшысы Керри Лэмге кез-келген қолдау көрсетеді. 

- Радикалдар санының аздығы квазитерроризм болып табылады және бұл өте қауіпті сигнал, - деп санайды Чэнь Вэнь.

Бейжіңнің бұл наразылық іс-шараларына деген көзқарасы қаталданып бара жатыр. Қытай билігі, наразылық танытушылардың іс-әрекеттері террористік белсенділікпен ұқсастыруда.