Woman

Терінің қартаюына алып келетін 5 әдет

Сіз өз жасыңызды айтпай тұрып, теріңіздің өзі-ақ барлығын айтып беретінін байқаған боларсыз. Әдетте, егде көрінбеу үшін теріні жасартатын түрлі кремдер жағып, бетіңізге көптеген маскалар жасап жүрсеңіз де, кейбір әдеттеріңіз арқылы «қартаюға» өзіңіз қадам жасап жүрген шығарсыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ендеше тері жастығын сақтап қалу үшін қандай әдеттерді өзгертуіңіз керектігін ұсынатын боламыз.

Аз ұйықтау салдары

Ұйқының дұрыс болмауы бет терісінің қартаюына алып келетін бірінші фактор болып табылады. Түнгі ұйқы кезінде коллагеннің белсенді түзілуі, теріңіздіңі жас қалпын сақтауға әсер етеді. Теріні ерте түсетін әжімдерден қорғағыңыз келсе, бір қырыңызбен ұйықтайтын әдетіңізден арылыңыз. Бұл әдет -  бет пен иекте мезгілінен ерте пайда болатын әжімдерге жол ашады.

Беттегі макияжды өшірмеу

Күні бойы тональді крем бетіңіздегі ұсақ тесіктерді бітейтіндіктен ұйықтар алдында оны өшіріп жатуды ұмыт қалдырмаңыз. Ал, ұйқыға жатар алдында макияжды өшіру үшін қолданатын мицеллярлы су  терінің тез қартаюына алып келетіндіктен, оның орнына теріңіздің типіне байланысты пенкамен тазалап жуып, ылғалдандырушы крем жағыңыз. Сондай-ақ, көз бояулары қабақтың айналасын құрғатып, тез қараюына, тушь жаққан күйі ұйықтау кірпіктеріңізді сынғыш болуына әсер етеді.  

Сусынды түтікше арқылы ішу

Біз сусынды түтікше арқылы ішкен кезде ерніміздің айналасында әжім пайда болады. Бұл темекі шегуге де қатысты.

Ыстық суға түсу

Ыстық суға түсу де теріңізге әсер етеді. Ыстық ванна қабылдау теріні «күйзелтеді» дейді мамандар. Ыстық суға түссеңіз, тері қызарып, тітіркеніп, иілгіштігін жоғалтуы мүмкін.

Диета кезінде рационнан майды алып тастау

Сұлулыққа майлы, зиян және қанты көп тамақты жеу кері әсерін беретінін білеміз. Алайда, диета ұстап жүрсеңіз күнделікті жейтін рационда қызыл балық, жаңғақ, қаймақтың болғаны дұрыс.