Woman

Йоганың 5 түрлі пайдасы

Бүгінде йога жайлы білмейтін адам жоқ шығар. Ал йоганың сіздің денсаулығыңызға тигізер әсері жайлы қаншалықты хабардарсыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үнді елінен бастау алатын йога негізінен жеке  адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға үйрету болып табылады. 

Йоганың мағынасы – байланыс немесе жалғасу дегенге келеді. Яғни, йога жаттығулары ғылымның тілмен айтқанда табиғатпен байланыс орнатуға көмектеседі. 

Дұрыс ұйқы қалыптастырады

Ойыңызды жинақтап, сезім мен эмоцияңызды түсінуге йога жаттығуының көп әсері бар. Йога өз кезегінде мелатонин гармонының жақсы жұмыс жасауына әсер етіп, қалыпты  ұйқыңыздың дұрыс болуына септегі мол. Ал дұрыс ұйқы  сіздің күні бойы сергек жүруіңізге тікелей қатысы барын білесіз.

Күйзелістен арылуға көмектеседі

Жалпы спорттың қай түрі болмасын адамның иммунитетін көтеріп, энергия сыйлайтыны сөзсіз.  Йога бойдағы күйзелістен арылуға көмектеседі. Мұның себебі, йога жаттығулары  көңіл-күйді көтеретін эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді.

Жүрек-қан-тамыр жүйесіне пайдалы

Жүрек-қан-тамыр ауруларының қатерін азайтып, артериалдық қысымды қалыпқа келтіреді. Йога жаттығуы кезінде органдар мен тіндер қимылдап, қан айналымы жақсарады. Ескере кететін жайт, бірден ауыр жаттығулардан бастамаңыз.

Арқадағы ауырлықты жеңуге көмектеседі

Егер сколиозбен (омыртқа қисаюы) ауыратын болсаңыз, йога жаттығулары оны емдеуге көмектеседі. Ол үшін жаттықтырушымен арнайы жаттығу бағдарламасын дайындау керек.

Салмақты бір қалыпта ұстауға әсер етеді  

Дене салмағын тепе-теңдікте ұстауға йога жаттығулары әсер етеді. Йогамен бірнеше ай ғана емес үздіксіз айналысатын болсаңыз, бір жыл ішінде денеңіз сымбатты, тартымды болады.