Woman

Косметика таңдауда қателеспеңіз

Егер жаққан бояуыңыз бетте дақ болып, бетперде сияқты кемшіліктерді жасырудың орнына айқындап тұрса, онда сізге косметиканы қалай таңдауды ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Далап сатып аларда

Ерініңізге айшықты реңк беріп, қызартып көрсететін далапты таңдау барысында оны білегіңізге емес, бояуды саусағыңыздың басына жағып көріңіз. Далап таңдау барысында көбісі білегіне жағып көреді. Бұл әдіспен сіз бояуыңыз салқын түсті ме, әлде жылы реңкті ме екенін біле аласыз.  Егер саусақ ұшына жақсаңыз, қолдың дәл осы тұсы еріннің түсі мен қабатты текстурасына ұқсайтындықтан қателеспей далап түсін таңдай аласыз.

Кірпікке арналған сүрме  таңдарда

Ең алдымен, сүрме щеткасын дұрыс таңдау керек. Қалың щетка кірпікті көлемдірек етсе, иілген щетка кірпікті иілдіріп, көзді айқындайды. Ал пластмассадан жасалған щетка кірпікті «тарап», жабысып қалмауына көмектеседі. Кірпікке арналған сүрмеде "Fiber free" жазуының болмауын қадағалаңыз. Себебі тез түйіршіктеніп кететін сүрме екенін көрсетеді.

Тональді крем аларда

Майлы терінің иелері «luminizing» деген таңбасы бар тональді бояулардан аулақ болғаны жөн. Оның орнына формуласы майсыз, күңгірт текстуралы түрін таңдау керек. Ал, құрғақ терілерге бір мезгілде бетті тегістеп және ылғалдандыратын BB және CC кремдері жақсы үйлеседі. Жасы үлкен әйелдер қауымы үшін дәл қазіргі уақытта сәнге айналған ашық мөлдір кушондар нағыз жақсы таңдау.

Тональді кремді сатып аларда сатушылар тек қолдың сыртына жағып түсін анықтап алуға ғана рұқсат етеді. Бірақ, бұл жердің терісі бетке қарағанда ашықтау келеді. Беттің өзіне жағып көруге рұқсат болмаған жағдайда, алақанның сыртын пайдаланған жөн. Егер тональді кремнің түсі күдік тудырса, әрдайым ашық түсін таңдаңыз. Оны теріге таратып жаққан кезде кем тұсы байқалмай кетеді. Ал күңгірттеу түсін таңдап қойсаңыз, оның бет түсіне сай еместігі самай, тамақ, мойыннан айқын көрініп қалады.