Саясат
Қазақстан жастарына айтылған ой
Желтоқсанның бірінші жұлдызы күні Елбасы арнайы «Назарбаев» университетіне ат басын бұрды. Онда президент он жыл толған «Назарбаев Интеллектуалды мектебі» орталығын құттықтады.
«Осы оқу жылында Интеллектуалды мектептерде екінші шет тілін таңдау мүмкіндігі жүзе асады. Шет тілін меңгеру өмірлік қажеттілікке айналып кетті», – дейді Н.Назарбаев.
Елбасы көп тіл меңгеру арқылы жарқын болашаққа үмітпен қарауға болатынын, мәдени байланыс, ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға болатынын алға тартты.
«Кез келген тілді таңдай аласыз. Ең көп тарағаны ағылшын тілін, екінші орында – испан тілі. Алайда, бізге ең маңыздысы қытай тілі, біз Қытай елімен тығыз қарым-қатынастамыз», – деп түсіндірді президент.
Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы – 20%, Ресеймен – 22%, Еуроодақпен – 30%.