Woman

Қазіргі заманның адамына йога қажет пе?

Ой бөлісу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дені сау, бақытты, табысы мол, ойы түзу, уақыт талабына сай адам үшін йога деген не? Міне, жоғарыда біз тізіп шыққандардың барлығы да осының жауабы болып табылады.

Йога ғасырлар бойы адам өмірінің кез келген саласында маңызын жоймаған жан мен тәннің ғылымы саналады. Сондай-ақ йогамен айналысу барлық аурудың, тіпті тұқым қуалайтын аурудың да алдын алады. Айта кетейік, ұзақ өмір сүруге де нақ осы йоганың тікелей қатысы бар, өйткені сау денеде ғана сау ой болады.

Сонымен, йогамен айналысу арқылы қандай нәтижеге жетуге мүмкіндік бар? Осы сауалды өз өмірінде жол табу үшін көп адамдар қояды. Алдымен әрине, йога денеңіздің жетілуіне көмектеседі. Есесіне адам ағзасының ішкі жүйесі үйлесімділік тауып, денсаулығыңыз жақсарып, жалпы өзіңізді тәуір сезінетін боласыз.

Ары қарай йога артық салмақтан арылтады. Яғни, бұл «жайсыздықтың» себебін жойып, ағзаның зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Бәрімізге белгілі, барлық аурудың елу пайызы осы зат алмасудың бұзылуынан туындайды емес пе?

Йогамен айналысу адамның жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Өйткені барлық аурудың келесі елу пайызы осыған келіп тіреледі. Стресс пен шаршап-шалдығуда йога таптырмас дәрі екенін ескертеміз.

Кез келген мазасыздықтан йога арқылы арылуға болады. Қандай жаста, қандай жағдайда болсаңыз да йогамен айналысу ешқашан кеш емес. Сондай-ақ ана болуға дайындалып жүрген әйелдер үшін көп ретте йога құтқаратын «қайық» іспеттес. Жүктілік кезінде йогамен айналысу жамбас бұлшықеттерін нығайтады, буындарды бұрынғыдан да қозғалмалы, ал сіңірлерді созылмалы етеді. Жүктіліктің алғашқы үш айында болатын токсикоз кезінде йогамен айналысу жақсы жәрдем береді, жүйкені тыныштандырады, болашақ ананың өзіне деген сенімін күшейтіп, босану алдындағы қорқыныштан арылтады.

Йогамен айналысу арқылы адамның жан дүниесі жақсарып, көңіл күйі көтеріледі. Бір сөзбен йоганың шаш-етектен келетін пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ұйқыңыз қанып, жүрек қызметі де ретке келеді. Тіпті көздің түсіне де йогамен айналысу айрықша әсер етіп, жанарыңыз жарқырап, сүйкімді көрінесіз.

Жалпы алғанда, йога адамды жасартады, денеңіз де, рухыңыз да бар жамандықтан тазарады. Осыдан келіп денсаулық та, табыс та, дұрыс ойлаушылық та, бақыт та орын алатын болады. Сондықтан йогамен айналысуға бір сәт назарыңызды аударыңызшы.