Саясат

Атамбаевтың ұлы әкесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қадыр Атамбаев Қырғызстанның экс-президентіне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаевтар отбасынан тәркіленген мүліктердің тізіміне қатысты пікір білдірді. Бұл пікір ол Facebook желісінде жазды. 

"Бас прокуратура менің әкем Алмазбек Атамбаевтың және біздің туыстарымыздың тәркіленген мүлкі мәселесінде қоғам алдында әдейі айла-шарғы жасайды деп санаймын. Алмазбек Шәршенұлына және бізге, отбасына тиесілі делінген 120 дана мүлік жайлы мәлімдеме жасағым келеді. Біздің отбасы мүшелерінің атына жазылған нәрсе шын мәнінде бізге тиесілі емес, ал медиакеңістікке шығып жатқан жалған ақпараттар биліктің қара пиары деп санаймыз", - деп мәлімдеді Қадыр Атамбаев.

Оның айтуынша, билік өкілдерінің келтіріп отырған 120-дан 101-ге жуық мүлік туралы айтқаны Атамбаев пен оның отбасы мүшелеріне емес, 2007 жылдан бастап отбасының атына тіркелмеген

"Қырғызавтомаш" ААҚ-ға тиесілі. "Ойға қонымсызы, Бас прокуратура біздің мойнымызға 1996 жылы зауыт жұмысшыларына сатылған пәтерлерді де "іліп қойды", - деп ашуланды Қадыр Атамбаев.

"Мен Нариман Төлеевтің банкінде де қаражатымыз болған деген жалған тізімге таңғалдым. Шын мәнінде бізде "Қырғызстан" Коммерциялық банкінде тұрған шот бар және бұл шот 2002 жылдан бері болған, ол кезде банк Шарипа Садыбакасова иелігінде еді. Бас прокуратура елдегі барлық банкті, тіпті Пәкістанның Ұлттық Банкінің филиалдарын да атап өтуге шешім қабылдаған сияқты. Бас прокуратура барлық тәркіленген машиналардың тізімін жариялап, олардың барлығы 90-жылдары және 2000-жылдары шығарылғанын және сотқа дейін тартып алынғанын мойындағысы келмейді", - деп атап өтті Қырғызстанның экс-президентінің ұлы.

Ол "Апрель" телеарнасының Жалалабадтағы банкте ұяшығы жоқ екенін, арнаға тиесілі радио мен телеорталықтың жоқ екенін мәлімдеді.

"Сондай-ақ, Қырғыз контентін дамытумен айналысатын телеарналардың көп бөлігі кіретін телерадиоұйымдар қауымдастығы да бізге тиесілі емес. Қой-Таштағы үйден басқа қалған мүлік Алмазбек Шаршенұлының президенттік өкілеттігіне дейін сатып алынған болатын, сонымен қатар тізімде тіпті 1985 жылы қайтыс болған атамыз салған үй де бар", - деп түсіндірді Атамбаевтың кенже ұлы.

Оның айтуынша, әкесі елдің дамуына көп жеке қаражат салған.

"Мысалы, президенттік қордағы бюджеттік 50 миллион сомнан басқа Алмазбек Шаршенұлының күш-жігерімен елге тағы 1 миллиард 200 миллион сом тартылды, оларға балалар алаңдары салынды, мектептерге компьютерлер сатып алынды, кітаптар басып шығарылды, қырғызстандықтарды емдеуге қайырымдылықтар бөлініп, ескерткіштер салынды. Тіпті мемлекет экс-президент үшін тұрғын үй беруге міндетті болған мемлекеттік Президент аумағында Алмазбек Атамбаев өзі мемлекеттік ақшаны пайдаланбай, үй салып, оны мемлекет балансына берді", - деп атап өтті Қадыр Атамбаев.

"Сонымен қатар, біздің әкеміз 90-жылдардың басынан бері табысты бизнесмен және меценат ретінде танымал болғанын еске салғым келеді. Ол өз жағдайын мемлекеттік қызметте емес, бизнеспен айналысу кезінде жасап алған. Біз ешқашан өз мүліктеріміз бен жеке қаражатымызды жасырмағанбыз"- деп аяқтады Атамбаевтың ұлы.

Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президентінің тыйым салынған мүлкінің тізімін жұма күні Бас прокуратура жариялаған болатын. Онда Ыстықкөлдегі үйлер, жер учаскелері, пәтерлер, цехтар, темір жол және курорт бар.

tengrinews.kz