Саясат
ШҚО
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШҚО әкімі аймақтың әкімшілік орталығы Өскемен қаласының бас көшелерінде салынып жатқан бензин бекеттерін азайтуды тапсырды.
– Өскемендегі Сәтпаев пен Әуезов даңғылдары жөнделіп бітпей жатып, жол бойында жанармай бекеттерінің бірінен кейін бірі салынып жатыр. Назарбаев даңғылында да қаптап тұр. Бұл жақсы іс емес. Қаланың орталығына мұнай-газ бекеттерін орнатуға бола ма екен?! Бір жағынан бензин құйдыруға баратындар көбейіп, кептеліс те бұрынғыдан артады. Қаланың әдемі көшелерін бензин бекеттеріне айналдырудың қажеті жоқ, – деген Даниал Ахметов орталық көшелердегі аталмыш нысандардың санын азайту керегін айтып, қала әкімі Жақсылық Омарға тапсырма берді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61