Weekend

Ұлы Абайдың ізімен

Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семейге Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар"  ғылыми танымдық экспедиция қатысушылары келді. Экспедиция аясында делегаттар Нұр-Сұлтан,  Қарқаралы,  Абыралы,  Қайнар, Қарауылда да болды. Экспедиция қүрамында Тұрсын Жұртбай,  Омар Жалел,  Марат Әбсемет сынды 20 жуық абайтанушы-ғалымдар бар. Олар Абай Құнанбайұлының және Әлихан Бөкейхановтың ескерткіштерін гүл қойып, Абай кітапханасында өткен конференцияға қатысты.

Кездесуді өткізу орны Абайға қатысты таңдалды. Өйткені, Абай Семей қаласына келген сайвн ең алдымен кітапханаға баратын. Қыста ол қалада  қызықты кітаптарды оқу үшін ұзақ уақыт қалатын.Ал,  жаз мезгілінде газеттер, журналдар, кітаптарды алып,  оларды туған ауылына жеткізетін.  Семейдің кітапханасының қабырғасында ұлы ойшыл осылайша өз дүниетанымын байытқан еді.

Кітапхана фойесінде қонақтарды кең көлемді кітап көрмелері қарсы алды.

Дөңгелек үстел барысында қонақтар ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай шығармалары мен жұмыстары туралы әңгімелесті. Ал кездесу соңында делегация мүшелері кітапханаға Әлихан Бөкейхановтың 15 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты. Кітапхана қызметкерлері атап өткендей, жаңа кітаптар кітапхана қорында сақталалып,  міндетті түрде өз оқырманын табады.