Weekend

Адамнан жүкті болған маймыл туралы білесіз бе?

100 жыл бұрын маймыл мен адам будандастырылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эволюциялық психология саласының маманы Гордон Гэллап 100 жыл бұрын маймыл мен адамның будандастырылғанын айтты. 

1930 жылдары Атлантадағы Эмори университетінде осындай зерттеу жүрген. Гордон Гэллап сол зерттеуге қатысқан ғалымның сөзіне сүйене отырып айтты. Флоридадағы Ориндж-Парк қалашығында мамандар ұрғашы шимпанзеге адамның ұрығын құйған. Маймыл адам ұрығынан көтерген. Адамнан туған маймыл баласын “панзеадам” деп атаған. Маймыл 225 күнде "босанған". 

Көпшілік бұған қарсылық танытқан соң «панзеадамның» көзі жойылған. Гордон Гэллап қазір де адам мен шимпанземен, горилла мен орангутанг сияқты басқа да маймылдармен будандастыруға болатынын айтады. 1958 жылы Оливер атты шимпанзе де будан деп есептелді. Оның кейбір әрекеттері адамға ұқсас болған. Оның хромасомалар саны 47 болған. Өзі тік жүрген. Оливер 55 жасында қайтыс болған.