Weekend

Қадірін біл ата - ананың

Бүгінгі ұл мен қыз болашақ әке мен ана!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасыр - кең ауқымды жоғары өрлеудің ғасыры. Ескілік заманда арман болған заттар көз ұшымызда, қолымызда болатын кезең. Жоғары өрлесекте бірақта дейтін тұстарымыз аз емес. Біздің осал тұсымыз ата - анамызды қадірлей алмауымызда болып тұр. 

Нәресте шағыңнан сені ешкімнен де кем етпеймін деп өзі кимегенді кигізетін, жемегенді жегізетін ол әрине сенің ата-анаң. 

Ал сол ата-анаңды оң мен солыңды таныған шақта керексіз қылдырсаң ол сен үшін, сенің ұрпағың үшін үлкен нәубет. Қазақта мынандай бір дананың айтқан қанатты сөзі бар "Жұмақтың кілті ананың табанының асытында" - деген. Осы сөзді біздің парасатты халықымыз қалай бекем ұстаған десеңші.

Соңғы жылдары байқалып келе жатыр оң мен солын танығаны былай тұрсын. Бесіктен белі шықпаған бала ата-анасына қатты дауыс көтере сөйлейді. Бұл қандай оңғандықтың белгісі, әрине ардан безгендіктің белгісі. Осы орай тұста Мөңке бидің мынандай бір болашақ туралы болжаған сөздері еске оралады:

…Ішіне шынтақ айналмайтын,

Ежірей деген ұлың болады.

Ақыл айтсаң ауырып қалатын,

Бедірей деген қызың болады.

Алдыңнан кес-кестеп өтетін,

Кекірей деген келінің болады.

Байқап қарасаңыз дәл осы уақыт туралы, осыдан сан мың жыл бұрын айтып кеткен. 

Қазір ата - анамыз қасымызда жүрген шақта қадірін білмей, ертең қу топырақты құшақтап қалмайық...