Саясат
Қытайдың «Белдеу және Жол» жоспары әлемді бүлдіруде
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com18 тамыз, жексенбіде “The National Interest” сайтында Sagatom Saha атты халықаралық энергетикалық саясат талдаушысы және Woodrow Wilson қоғам және халықаралық қатынастар мектебінің магистрі “Қытайдың «Белдеу және Жол» жоспары әлемді бүлдіруде” деген тақырыптағы мақаласын жариялады.
Мақаланың қысқаша мазмұны мынадай:
Қытай қаржыландыратын, шетелде салынған көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының көпшілігінде электр қуатын өндіруден шығарылатын зиянды заттардың бөліну мөлшері жоғары, тиімділігі төмен, көмірсутекті көмір технологиясын қолданады. Осылайша, Қытай қоршаған ортаны бүлдіруде.
Қытай бастан аяқ өзінің «Белдеу және Жол» бастамасының (BRI) жасыл жоба екендігін насихаттаумен келеді. Алайда Қытай бұрыннан бері әлемдегі ең ірі көмір энергетикалық жабдықтарды экспорттаушы болып келеді, бұндай жабдықтарды ол өзінен кейінгі бәсекелесінен екі есе көп экспорттайды. Қытай компаниялары шетелде 140-қа жуық көмір электр станцияларын салды, олардың ішінде Мысыр мен Пәкістан сияқты көмір тұтынып көрмеген елдер де бар. Осылай кете беретін болса, қытайлық көмір электр станцияларын салушы компаниялар жаһандық жылынуды қауіпсіз деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді. Егер Қытай Даму Банкі өзінің қазіргі әрекетін жалғастыра беретін болса, бүкіл әлемде ластануды тоқтату мүмкін болмайды.
«Белдеу және Жолдың» жиіркенішті шындығы
2013-ші жылдан бастап Қытайдың Ұлттық даму банкі мен Қытайдың экспорт-импорттық банкі 38 елдегі электр станцияларын қаржыландырды, олардың жартысына жуығы қазба отынына негізделген, демек көмір жағады. Қытай қаржыландыратын, шетелде салынған көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының көпшілігінен шығарылатын зиянды заттардың бөліну мөлшері жоғары, тиімділігі төмен, көмірсутекті көмір технологиясын қолданады.
Бейжің аталған 38 елдегі қазба отын жобаларының жартысынан көбін қаржыландырмайды, ал отынсыз жобалары алты жыл ішінде бір реттік қаржыландырылады. Алайда отынсыз жобалардың барлығы дерлік жел мен күн энергиясы емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін гидроэлектр бөгеттері. Қытайдың гидроэнергетикалық жобалары миллиондаған фермерлер мен балықшылардың жойылуына алып келеді, экологиялық тепе-теңдікті бұзады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61