Саясат
Бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке отырды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕнді Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқаратын болады.
- Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын, - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006), ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі (2006-2007), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерін атқарды.
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61