Hi-Tech
Компаниялар деректерді берудің жаңа технологиясын жасайды
Қытайдағы Huawei Technologies компаниясының үш ірі бәсекелестері - Xiaomi, Oppo және Vivo компаниялары деректерді берудің жаңа технологиясын жасау үшін бренд аралық одақ құрды.
Жаңа хаттама қолданушыларға осы үш брендтің смартфондары арасында үшінші тарап қосымшаларын пайдаланбастан файл алмасуға мүмкіндік береді.
Apple Inc-тың AirDrop-на ұқсас функциялы бета нұсқасы жақын арада қол жетімді болады деп Oppo және Xiaomi баспасөз релиздерінде айтылады. Vivo Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунтында одақ құрғанын растады.
Компаниялар Android-тың басқа да смартфондарын өндірушілерді одаққа кіруге шақырады.
IDC зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, Huawei Қытай нарығындағы смартфондардың үлесін екінші тоқсанда 37%-ға дейін арттырды, ал Vivo, Oppo және Xiaomi позицияларын жоғалтып алды. Ағымдағы жылдың соңына қарай Huawei нарықтың 50%-ын алуға үміттенеді деп жазады Bloomberg.
Интерфакс-Қазақстан