Саясат
Бұл лауазымға Ерлан Қожағапанов бекітілді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша, ал 1999 жылы – "Қаржы" мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
1990 жылдан 1994 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
1994 жылдан 2007 жылға дейін мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеді.
2007-2013 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2013-2016 жылдары – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті.
2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
Ал Ерлан Әукенов өз еркімен қызметінен кетті.