Weekend
Арабтың "каһуаһ" сөзінен "кофе" сөзі шыққан
Кофе зерттеушілері қолдайтын кең тараған түсінік бойынша, кофені Эфиопияда ешкілер мен оның бақташысы тапқан. Әдебиеттерде Калди есімді бақташы жайлы аңыз-әңгіме кофе тарихының бастамасы ретінде аталады.
Калди ешкілерін бағып жүріп, олардың бір қызыл жидекті жеген соң, ойнақшып, құтырынып кететіндерін байқайды. Өзі де одан жеп көріп, сергіп бойында өзгеріс байқалған соң, жидектен теріп үйіне алып келеді, әйелі суға езіп сусын дайындайды. Ауыздан-ауызға тараған хикая ауылға, бүкіл елге жайылады.
Ал кофе сөзінің шыққан түп төркіні Эфиопиядағы қала Каффаға барып тіреледі. Эфиопияның оңтүстік-батыс жағында орналасқан шаһар бүгінгі таңда да кофе өндіретін аймақ. Ал тіл мамандарының пікірінше, арабтың "каһуаһ" сөзінен қазіргі "кофе" сөзі пайда болған. Французшаға "кафе", ағылшынша "кофе" болып енген.