Weekend

Twitter мемлекеттік БАҚ жарнамаларына тыйым салды

Салауатты пікірталас пен ашық қарым-қатынасты қорғау мақсатында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Twitter әлеуметтік желісі өзінің платформасында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамаларын жариялауға тыйым салды.

- Бүгінгі күннен бастап біз мемлекет қарамағындағы медиа-компаниялардың жарнамаларын қабылдауды тоқтатамыз. Осы санатқа кіретін барлық аккаунттар Twitter-де қоғамдық қызметті жалғастыра алады, бірақ жарнамасыз, - делінген компания хабарламасында.

Компания бұл шешімді «салауатты пікірталас пен ашық қарым-қатынасты қорғау» ниетімен түсіндіреді. Мәлімдемеде жаңа енгізілімдер салық төлеушілер қаржыландыратын, сондай-ақ тек қана спортқа, ойын-сауыққа және саяхатқа арналған БАҚ-қа қатысты еместігі айтылған.

Қандай БАҚ-тың мемлекеттік екенін анықтаған кезінде: редакциялық мазмұнды бақылау, ұйымның қаржысы, басқа бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге ықпал ету (немесе «араласу»), «саяси қысым немесе жаңалықтарды өндіру және тарату процесін бақылау» сияқты факторларды назарға алады.

Мәлімдемеде мемлекеттік БАҚ-тар жуық арада хабарланатыны атап өтілген. Осыдан кейін олар 30 күн ішінде барлық жарнамалық мазмұнды өз аккаунттарынан алып тастауы керек.

Tengrinews.kz