Bugin

Аз ақша әкелген оқушыға төмен баға: Түркімен оқушылары Бердімұхамедовтің портретін сатып алуға ақша жинауда

Ал ата-аналар болса, баласы жаман баға алып қалмас үшін мектеп әкімшілігі сұраған ақшаны беруге мәжбүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркіменстанның Мары уәлиятының тұрғындары мектеп әкімшілігінің жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардан қаржы жинап жатқанына қарсы. Айтуларынша, бұл қаржыны мұғалімдер өзі үшін жинап жатуы мүмкін.

- Байрамалы қаласының №4 мектебінің 11-сынып оқушыларынан 400 манаттан (4400 теңге – ред.) жиналып жатыр. Мұғалімдердің айтуынша, жиналған қаржыға мемлекеттік ту, президенттің портреті мен басқа да оқу құралдары сатып алынбақ екен, - дейді тұрғындардың бірі.

Ал кейбір ата-аналар 400 манаттан емес, 500-600 манаттан (5500-6600 теңге) жинап жатыр. Мұғалімдердің кейбірі жазғы демалыста жүрген оқушылардың өзін шақырып алып, ақша талап етіп жатқан көрінеді.

Ал жағдайдың мән-жайын біліп көрмек болған тілшілерге мұғалімдер ақша беруден бас тартқан оқушыларға төмен баға қойылатын ескертіп отыр. Яғни, оқушының бағасы оның берген ақшасының сомасына тікелей байланысты. Ал жаман баға алып қалған түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге деген мүмкіншілігі де төмендемек.

- Мәселен, аттестатқа «3» деген баға түссе немесе мінездемесі нашар болса, оған жоғары оқу орнына түсуге қиын болады, - деп түсіндірді мұғалімдер тілшілерге.

Ал ата-аналар болса, баласы жаман баға алып қалмас үшін мектеп әкімшілігі сұраған ақшаны беруге мәжбүр.

Ал Түркіменстанның білім министрінің қаулысы бойынша, мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің жаңа портреті мектептің әрбір кабинетінде ілініп тұруы тиіс.


Stanradar.com