Саясат

Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді

Ажалы имамнан келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды. Бұл туралы Ктк телеарнасы хабарлайды.

"Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған.

Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру")  және 105-ші бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұқты. Қарсыласы өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.

Екі ер адам да 51 жаста, бір сыныпта оқыған.

Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61