Экономика

Миллиардер Ротшильд Кишинев әуежайын сатып алды

Жаңа иесі өз әуежайына ұшып келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

18 ғасырдың соңынан бері банк ісі және инвестициялармен айналысатын Ротшильд әулетінің өкілі, Британдық миллиардер Натаниэль Ротшильд Молдавия астанасындағы халықаралық әуежайды сатып алды.

Жаңа иесі өз әуежайына ұшып келді. Ротшильдтің NR Investments жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын компаниясы әуежайға тиесілі Avia Invest акцияларының 95 пайызын сатып алды. Мәміле сомасы көрсетілмеген.

- Кишинев халықаралық әуежайы Ротшильд мырзаға таңқаларлық әсер қалдырған. Әсіресе, әуежай менеджменті мен қысқа мерзім ішіндегі жоғары деңгейдегі модернизацияны жоғары бағалаған, - делінген хабарламада.

Натаниэль Филип Виктор Джеймс Ротшильд лорд Джейкоб Ротшильд пен Серена Мэри Данның жалғыз ұлы, канадалық қаржыгер және магнат Джеймс Данның немересі.

msn.com