Саясат
Аталмыш ақпарат қоғамды дүрліктіруде
"Құтқарыңыздаршы. Мені қытайлар жертөледе құлдықта ұстап отыр" деген жазуы бар сағаттың артқы қақпағының суреті Бурятия тұрғындарын алаңдатып отыр.
Аталмыш сурет әлеуметтік желілерде бір апта бұрын пайда болды. Суреттің астына белгісіз автор Ұлан-Удэ қаласынан сатып алған сағатының батарейкасын ауыстырмақ болған сәтте осы хабарламаға тап болғанын айтады.
Бұл хабарламаны жіберген адам барынша жылдам жазғаны көрініп тұр дейді сарапшылар.
Сонымен қатар онда алты таңбалы телефон нөмірі мен 87.03137 градус деген георграфиялық мекен көрсетілген. Аталмыш географиялық координата Қытайдың үстімен өтіп, Үнді мұхитын көрсетіп тұр. Телефон нөмірімен хабарласып, құқық қорғау органдары ешқандай ақпарат ала алмаған. "Бұл хабарламадағы ақпарат шын болса да, оны тексеру мүмкін емес" дейді мамандар.